EdTime
Біздің елімізде сырттай оқу формасыy 2019 жылдан бастап қашықтан оқыту технологиясына көшіру қолға алынды. Қазақстандағы қашықтан білім беру жүйесінің барлық жетістіктері соңғы жылдардағы пандемия кезіндегі әлсіздігін танытты. Елімізде қашықтан оқыту бойынша эксперименттік зерттеулер кемдігі және рart-time оқытуды енгізідің керектігі байқалды. Соның салдарынан кәсіби білім беруді цифрандыру жағдайында қашықтан оқытуды жаңғырту немесе трансформациялау қажеттілігі туындап отыр.
Соңғы жылдары әлемде «ашық білім беру» моделі пайда бола бастады. Бұл модель әлемдік білімнің ашықтығы, адами таным үдерістері мен білімінен туындайды. Ұсынылатын жобада кәсіби білім беруді цифрандыру жағдайында «ашық білім беру кеңістігі» (АББК) арқылы full-time және part-time оқытуды жүзеге асырумен шешу көзделеді. Білім алушылардың әлеуметтік және еңбекпен қамтылу жағдайына байланысты АББК-де full-time оқудағы білім бағдарламасының толық көлемін part-time оқу арқылы меңгеруін қамтиды. Бұл зерттеудің негізгі идеясын анықтайды.
Жоба туралы

Жоба тақырыбы: AP14872018 «Кәсіби білім беруді цифрландыру жагдайында part-time оқыту»
ҰҒК шешімі: 15-19.08.2022 жылғы 179/30-22-24
Келісім шарт: №279/30-22-24 «18» қазан 2022 ж.
Ғылымды дамытудың басым бағыты:
- 8. Білім және ғылым саласындағы зерттеулер
- 8.1.2 ХХІ ғасырдағы білімнің пәнаралық зерттеулері. Білім беру саласындағы өзекті мәселелер
Жобаның басталатын және аяқталатын күні: 18.10.2022 - 31.12.2024.
Жоба жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.Б.Медешова

