«Кәсіби білім алушыларды рart-time оқытуға арналған ашық білім беру кеңістігі» тақырыбындағы вебинар

Кәсіби жоғары білім беруді цифрландыру жағдайында рart-time оқытуды зерттеу барысында жасақталған ашық білім беру кеңістігімен таныстыру және оны пайдалану бойынша ғылыми-әдістемелік вебинар ұйымдастырылып, 6В01503-Информатика, 7М01535-Информатика, 6В01506-Физика-информатика білім бағдарламаларының студенттері мен магистранттары қатысты.

Вебинарды қарастырылған сұрақтар:

1. Рart-time оқыту туралы түсінік;

2. Рart-time оқыту форматының мүмкіндіктері;

3. Part-time оқытуға арналған ашық білім беру кеңістігін таныстыру (edtime.kz платформасы).

Вебинардың бірінші бөлімінде студенттер мен магистранттарға шет елдік part-time оқыту форматы туралы мәлімет берілді.

Рart-time мен full time форматтарының мүмкіндіктері талқыланды.

Осы рart-time оқыту форматты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін edtime.kz ашық білім беру кеңістігімен таныстырылды. edtime.kz платформасына тіркелу мен онда онлайн оқудың қалай жүзеге асатындығы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

Вебинар соңында студенттер портал туралы өздерінің сұрақтарын қойды. Мысалы, порталға тіркеліп оқитын болсақ, сертификат беріле ме, part-time форматына қалай ауысуға болады, онлайн курс жасақтап ұсынуға бола ма, т.с.с.

Вебинар соңында студенттерге кері байланыс ретінде сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 6В01503Информатика, 7М01535Информатика, 6В01506Физика және информатика білім бағдарламалары бойынша бакалавр және магистратураның білім алушыларыті қатысты.

 

Мекен-жай

090000

Батыс Қазақстан облысы,

Орал қаласы,

Н.Назарбаев даңғылы, 162

Байланыс

  • dummy+8 (7112) 50 40 30

  • dummy+7 (777) 666 5555

  • dummy part-time@wku.edu.kz

Жазылу

Электрондық поштаңызды енгізіңіз, біз сізге қосымша ақпаратты жібереміз

Search